Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыста бензин бақылауда

  • AstanaTV
  • 07 қыркүйек 2015
  • 1614

Бензин бағамы бостандыққа жіберілгенімен, Оралдағы жанармай құю бекеттері бақылауға алынатын болады. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау департаменті мәлімдеді.

Шенеуніктер жанармайдың шектен тыс қымбаттауы мен май құю бекеттерінің бағаны қолдан қымбаттатуына жол бермейміз деп отыр. Осылайша, жанармайды сатып алу мен сату бағамы нақтыланады. Ал заңды бұзғандар жазаға тартылатын болады.

Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы тұтынатын бензиннің 70 пайызы Ресейден тасымалданатын көрінеді. 

Нұрбол Ислямов, ҚР ҰЭМ ТМР, Бәсекелестікті қорғау комитеті БҚОД басшысының орынбасары:

Бүгінгі таңда 92-маркалы бензиннің бағасы 120-130 тг аясында, 95 - 133-140 теңгенің аясында. Бұрындағыдай әрбір кәсіпкер бір бағаны ұстап тұру, барлық кәсіпкер реттеген кезде сондай баға болды ғой, қазір ондай көрініс жоқ. Әр кәсіпкердің бағасы әртүрлі. Шамадан тыс көтерген жағдайда монополияға қарсы орган өзінің тиісті шарасын қолданады.

Еркін КАРИН