Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған мотошеру Өскеменге жетті

  • AstanaTV
  • 08 қыркүйек 2015
  • 1011

Қазақ хандығының символикалық туы Өскеменге жеткізілді. Халықаралық жарыстарға қатысып жүрген байкерлер 550 жылдық мерейтойға арналған байрақты өңір басшысына табыстамақ. Айта кетейік, Шығыс Қазақстан облысының орталығы - мотошерушілер аялдаған еліміздегі алтыншы шаһар.

Алдағы жұмаға дейін, яғни Қазақ хандығының 550 жылдығы ресми тойланатын күнге дейін, байкерлер еліміздің барлық ірі қалаларын аралап өтуді жоспарлапты. Мұндағы мақсат - халықтың маңызды мейрамға деген назарын аудару, - дейді қатысушылар. Мотошерудің соңғы нүктесі Астана болмақ. Түзілген кестеден қалмау үшін, қатысушылар жүре тамақтанып, ашық аспан астында түнеуге тура келіп жүргенін де жасырмады.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ