Ал қызылжарлық полицейлер суға батып бара жатқан студентті құтқарып қалды. Есіл өзені маңында жүрген тұрғын айқайлаған дауысты естіп, тәртіп сақшыларын шақырады. Дереу жеткен патрульдік полиция қызметкерлері қиындыққа тап болған жігітті құтқаруға ұмтылған. Қараңғыда ештеңе көрінбегесін, полицейлер оны біршама іздепті. Ақырында жігітті су үстінде салбырап тұрған ағаштардың арасынан тапты. Оны жағаға шығару үшін біраз тер төгуге тура келді, дейді полицейлер. Себебі әбден шаршаған жігіт жүзе алмаған. Соңынан оның өзенге мас күйінде түскені белгілі болды.
Арман Тасжанов, СҚО ІІД жол патрульдік полициясының полицейі:
Судан шыққан кісі қатты абыржып, тоңып, 5 сағат бойы суда болғаннан кейін, біз жедел жәрдемге кіргізіп, жылынғаннан кейін оны опергруппа алып кетті. Біз одан кейін сұраған жоқпыз қалай болғанын. Әлі байқастырылып жатыр. Су салқын екен. Түнде тіптен көрінбеді. Биылдыққа осы суға түсіп жатқаным бірінші рет болды.