Түркияның шығысында орналасқан Ыдыр провинциясы маңында жергілікті уақытпен таңғы сағат 07:30 шамасында жарылыс орын алған. Лаңкестер ұйымдастырған әрекет салдарынан 14 әскери қызметкер қаза тапты. Тағы бірнешеуі ауыр жараланған. Қашықтықтан басқарылатын жарылғыш зат жол бойына жасырылған көрінеді. Ол сарбаздар мінген шағын автобус өтіп бара жатқанда іске қосылған. Жергілікті тұрғындар жарылыстың аса күшті болғанын айтады.
Күн сайын болып тұратын осындай оқиғалардан әбден үрейі ұшқан халық Стамбұл мен Адана қалаларындағы алаңға жиналуды әдетке айналдырған. Олар жергілікті Үкіметтен атыс-шабысты тоқтатуды талап етуде.
Қаза болғандардың туыстарының қайғысына ортақпыз. Жанымызға батып, ішіміз жанып барады. Бұл жағдай дәл қазіргі кезде бәрінің басына келуі мүмкін. Қаншама отбасы қайғы жамылды.
Ахмет Дәуітоғлұ, Түркияның премьер-министрі:
Өкінішке орай, елімізде 7 маусымда өткен сайлаудан кейін Күрдістан жұмысшылар партиясы тарапынан жасалған терактілер көбейді. Қару асынған лаңкестерден ауыл да, қала да толығымен тазаланатын болады.