Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай биржасының құлдырауы ел экономикасының өсуіне ықпал етпейді

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2015
  • 1243

"Қытай биржасының құлдырауы, ел экономикасының өсуіне кері әсер етпейді". Азия даму банкінің экономисі Шанг Джин Вейдің пікірі осыған саяды. Тәжірибелі сарапшы әлеуметтік желідегі жеке парақшасындағы мақаласында: «Қытайдың жалпы ішкі өнімі экономиканың өзгеруінен бәсеңдеді», - деп жазды. Яғни «бұған демографиялық ахуалдың нашарлауы, ішкі нарықтың басымдыққа ие болуы, дамыған елдер тарапынан сұраныстың төмендеуі сынды факторлар әсер еткен», деп отыр.

Сондай-ақ, 2015 жылдың бірінші жартысында экспорт пен инвестиция көрсеткіштерінің кемуі, Қытай экономикасының тағы бір осал тұсын көрсетеді. «Алайда бөлшектеп сату нарығы мен құрылыс саласында алға жылжу байқалады», - дейді Джин Вей. Оның айтуынша, елдегі өзгерістер еңбек нарығына еш әсер етпеген. 2015 жылдың алғашқы жарты жылдығында 7,2 миллионнан астам жаңа жұмыс орны пайда болды. Оның басым бөлігі қызмет көрсету саласына тиесілі екенін, атап өткен.

Абзал ҚҰРМАНКИН