Русский Сайттың толық нұсқасы

Қашағандағы құбырларды алмастыру мерзімінен бұрын аяқталуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2015
  • 965

Қашағандағы құбырларды алмастыру ісі белгіленген мерзімнен бұрын аяқталуы мүмкін. Қазіргі таңда құрылысқа қажетті жаңа құбырлардың үштен бір бөлігі Қазақстанға жеткізілді. Бұл туралы журналистермен кездесуде  Энергетика министрінің бірінші орынбасары Ұзақбай Қарабалин мәлімдеді.

Айтуынша, бүгінде Германия мен Жапониядан келуі тиіс 99 шақырым құбырдың 67 шақырымынан астамы әкелінді. Оның 26 шақырымы орнатылып үлгерген. Ал 2016 жылдың соңына дейін теңіз арқылы 20 шақырым құбыр тартылуы тиіс болған. Қазір оның 17 шақырымнан астамы салынды. Яғни жұмыс белгіленген жоспардан да жылдам жүргізілуде, - деді министр.

Ұзақбай Қарабалин, ҚР Энергетика министрінің бірінші орынбасары:

Құбырларды жасау үшін зауыттарға тапсырма берілуі керек еді. Ол жұмыстар жасалды. Енді бүгінгі таңда Еуропадан, бір жағынан Германиядан, екінші жағынан Жапониядан, тапсырма берілген жерлерден, зауыттардан құбырлар келіп жатыр. Жаңағы жоспардан жылдамырақ жасалып жатыр жұмыстар. 

Жұрағат БАМАН