Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай банктерге АҚШ валютасының сатылымын шектеуге кеңес берді

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2015
  • 921

Қытай АҚШ валютасының сатылымын шектеді. Тиісті қаулыны елдің ұлттық қаржы басқармасы қабылдап, Шанхай қаржы институттары мен Гуандун провинциясына жолдаған. Bloomberg агенттігінің ақпаратынша, бұдан былай халық күніне тек 50 мың долларды сатып алуға құқылы болмақ. Басқарма  валюталық операцияларға бақылауды күшейту керек деген ұйғарымға келді. Соған қарағанда, қаржы саласы мамандары капитал кірісінің азаюына алаңдаулы көрінеді.

Бүгін Қытай халық банкі бір юаньнің бағамын 6,36 доллар көлемінде бекіткен. Ал дүйсенбі күнгі бағам біршама жоғары болған көрінеді. Операторлар, бұл қадам қаржы дағдарысының алдын алу мақсатында жасалып отыр, дейді. Сарапшылар болса, юань құлдыраудың аз-ақ алдында, деген болжам жасап отыр. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА