Русский Сайттың толық нұсқасы

Түркия Ирактағы Күрдістан жасағымен күресті күшейтті

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2015
  • 1271

Анкара Ирактағы Күрдістан жасағына қарсы қарулы операцияларды күшейтті. Бірнеше аптадан бері әуеден соққы жасап жатқан түрік әскерінің ұшақтарына арнайы жасақ көмекке келген. Рейтерстің хабарлауынша, бұл жасақ Ирактың шекарасынан өтіп үлгерді. Алайда Анкара әскери операцияның басым бөлігін құпияда ұстап отыр.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған соңғы аптада екі мыңға жуық содырдың көзі жойылғанын мәлімдеді. Ресми Анкара бұл әрекетін лаңкестердің қарулы соққыларына берген жауап ретінде бағалап отыр. Бұған дейін хабарлағанымыздай, күрдтердің оғынан жүздеген түрік сарбазы қаза болған еді.

Режеп Тайып Ердоған, Түркия президенті:

Лаңкестерге қарсы операцияның сәтті өтеріне ешкімнің күмәні болмасын. Қазір түрік қарулы күштері, полиция, жандармерия, тыңшылар мен ауыл сақшылары арнайы күрес жүргізіп отыр. Біз мемлекетімізді барынша қорғайтын боламыз. Ұлттың болашағын 3-4 лаңкес пен соларға сатылған қылмыстық жасақтардың қолына беріп қоймаймыз.

Айгүл ӘДЕПБАЙ