Русский Сайттың толық нұсқасы

Армения долларсыздандыру саясатын қолдайды

  • AstanaTV
  • 09 қыркүйек 2015
  • 1345

Армения долларсыздандыру саясатын қолдап отыр. Ресми Ереван Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер арасында АҚШ валютасының қолданылу қарқынын бәсеңдету керек деген позицияны ұстанған.

Бұл туралы Белоруссияның Гродно қаласында өткен Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысында Армения премьер-министрі Овик Абрамян мәлімдеді. Армения ұлттық валютаны күшейтуді ұсынды,- деп хабарлайды РИА Новости. Премьер-министр Еуропалық одақпен тығыз әріптестік байланыс орнатудың маңыздылығын да атап өтті.

Еске салайық, Армения Еуразиялық экономикалық одаққа осы жылдың бірінші қаңтарынан бастап мүшелікке өткен.

Айгүл ӘДЕПБАЙ