Шанхай
қор биржасындағы негізгі индекс маусым айынан бастап 41 пайызға төмендеді.
Қытайдың қор биржалары әлсірей бастаған кезде, яғни үш ай бұрын, ел үкіметі бұл
бағытқа 1,5 триллион юань, яғни 236 миллиард доллар қаражат бөлген. Бұл туралы «Bloomberg»
агенттігі, арнайы жүргізілген сараптама қорытындысына сүйене отырып,
хабарлайды.
Бір-ақ күннің ішінде, яғни
тамыздың 24-де, Қытай биржалары 7-8 пайызға түсіп кетті. Нарықтағы
тепе-теңдікті сақтау мақсатында, билік тарапы бірқатар шараларды қолға алды. «Мәселен,
олар жетікүндік РЕПО операциясы арқылы қаржы нарығының осал тұстарын жетілдірді»,
- деп жазады «Прайм» агенттігі. Арнайы компаниялардың жүргізген есебіне
сенсек, тек тамыз айында Қытай үкіметі нарықты қолдау үшін 94 миллиард доллар
жұмсаған.
Басқаша айтқанда, бұл Қытай қор биржасындағы еркін сатылып жүрген
акциялардың 9 пайызына тең. Қазір сарапшылар бұл әрекеттің тиімділігін
таразылауда. Экономист-сарапшылар пікірінше, «әлем
нарығында байбалам салудың қажеті жоқ, себебі қазір
Қытай үкіметі экономиканы бақылау жүйесінен нарыққа еркіндік беретін жүйеге
бетбұрыс жасауда. Бұл - қалыпты жағдай».
Абзал ҚҰРМАНКИН