Күзге салым бірнеше қалада баспана бағасы өскен. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, шаршы метрлер құны Шымкент, Павлодар, Атырау мен Ақтауда көтерілгені байқалды. Ұлттық экономика вице-министрі Қайырбек Өскенбаев қымбатшылыққа әкелген екі себепті атады. Ол, ұлттық валютаның тұрақсыздығы және жиын-терім науқаны да бағаның өсуіне әсер етті, дейді.
Қайырбек Өскенбаев, ҚР Ұлттық экономика министрінің орынбасары:
Күзгі жиын терім науқаны аяқталды. Адамдардың қолына қосымша қаражат тиді. Біз сараптама жүргіздік. Бағаның өсуі барлық аймақтарда емес, Шымкент, Павлодар, Атырау мен мен Ақтауда байқалады.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ