Францияның экс-президенті Николя Саркози Ресейге қарсы қырғиқабақ соғысты жандандырған Батыстың әрекетін айыптайды. Бұл жайында ол Le Figaro газетіне берген сұхбатында айтты. «Ресей бізге Сирия мен Ислам мемлекеті содырларына қарсы әрекеттесу үшін қажет. Сондықтан Мәскеуге қарсы қандай да бір шектеуді алып тастаған жөн. Десе де, бұл Донецкде болып жатқан қанды оқиғаларға көз жұму деген сөз емес", - деді Саркози.
Сирияға келер болсақ, Ресей онсыз да Дамаскге қол үшін созуда. Таяуда белгілі болғандай, Башар Асадтың үкіметін қолдау үшін ресми Мәскеу Сирияға қару-жарақтар легін жеткізген. Ақ үйде «осы әрекет арқылы Ресей қылмыскерлерді қолдап отыр» десті. Ал Кремльдің көзқарасы бөлек. Олар Асадқа терроризмді тамырымен жоюға көмектесіп жатырмыз деген ұстанымда.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА