Норманд төрттігінің көшбасшылары 2 қазан күні Парижде бас қосады. Бұл жайында Кремль баспасөз қызметі ақпарат таратты. Белгілі болғандай, кезекті кездесу жайындағы уағдаластық Владимир Путин, Ангела Меркель, Франсуа Олланд пен Петр Порошенконың телефон арқылы әңгімелесулерінен кейін жасалған.
Тараптар Украина дағдарысын реттейді деп күтілуде. Жалпы лидерлер Донбасстағы қақтығыстарды тоқтату режимі сақталып отырғандығын атап өтті. Кремльдің таратқан мәліметіне сай, Норманд төрттігі лидерлерінің келіссөздері Сыртқы істер министрлерінің кездесуінен соң өтеді. Ал министрлер 12 қыркүйекте Берлин қаласында бас қоспақ.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА