Доллар бағамы тағы да көтерілді. KASE қор биржасының күндізгі сессиясы доллардың 253,90/253,99 теңгеге жеткенін көрсетті. Ақша айырбастау орталықтары да көп күттірген жоқ. Баға бірден ауысып шыға келді. Ал бір күн бұрын, яғни тоғызыншы қыркүйекте, АҚШ валютасы 250,83 теңге болған.
Бүгін таңғы сауда-саттықта төменгі көрсеткіш 251,5, ал ең жоғарғы көрсеткіш 256 теңгеге жетті. Ал бір апта бұрын көрсеткіш 234, 94 болған. Бірінші қыркүйекте көк қағаз құны 238-242 теңге аралығында болды.
Еске салайық, Үкімет тамыздың 20-да теңгені еркін айналымға жіберген болатын.
Айгүл ӘДЕПБАЙ