Русский Сайттың толық нұсқасы

Өскеменде автокөліктердің отқа орануы жиілеген

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2015
  • 1302

Соңғы уақытта Өскеменде автокөліктердің өртенуі жиілеп кеткен. Тәртіп сақшылары, түнгі уақытта көліктердің отқа орануы қасақана жасалуы мүмкін, деген болжам айтты. Күні кеше тұрғын үйлердің бірінің алдында тұрған екі көлік жанып кеткен. Тергеушілер бұл оқиғаға түрлі болжам келтіріп отыр. Біріншісі - бұзақылық, екіншісі тонап, қасақана өртеген.

Мұндай оқыс оқиғалар түнгі мезгілде жиі тіркеліп жүр.  Жыл басынан бері аймақта осындай 130-дан астам қылмыс тіркелген. Көп жағдайда өрт сөндірушілер оқиға орнына жетем дегенше, көліктің қаңқасы ғана қалады. Темір тұлпарлар тек қала ішінде ғана емес, қозғалыс көп тас жолдарда да отқа оранады. Өткен күні біздің түсіру тобымыз дәл осындай төтенше жағдайдың куәсі болды. Орталық көпір маңында жеңіл көлік өртенді. Жылдам көмек көрсеткен куәгерлердің арқасында жолаушылар аман қалды.

Марина Лискова, Өскемен қаласы төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз хатшысы:

Қазіргі кезде күдіктіні іздестіріп жатырмыз, себебі тергеушілеріміз қасақана өртеу фактісін анықтады. Айта кететіні - көліктердің отқа орануы көп жағдайда өрт қауіпсіздігін сақтамағаннан және де жоғары қауіпті құрылғыларды дұрыс қолданбауынан орын алады.