Русский Сайттың толық нұсқасы

Жапония суға кетіп жатыр

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2015
  • 1365

Автомобиль өндірісінің алыбы Жапонияның Toyotа компаниясында үш бірдей зауыт жұмысын тоқтатуға мәжбүр болды. Бұған елдегі тайфун мен тропикалық дауыл себеп. Рейтерс агенттігінің хабарлауынша, өндірістің қашан жанданары әзірге белгісіз.

Айта өтейік, ел билігі 100 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді. Алайда баспаналарының шатырына шығып,  көмек күткендердің қатары 5 есе көп.  Құтқару жұмыстарына 51 тікұшақ жұмылдырылды. Су шайып кеткен баспаналар 7 мыңнан асады. Жапония билігі шұғыл кеңес ашып, мүмкіндігінше қол ұшын созуға уәде берді.

Алайда, синоптиктер болжамы көңіл көншітпейді. Толассыз жауын салдарынан электр желілері істен шыққан. «Жаңбыр суынан «Фукусима» атом электр станциясының дренаждық насостары толып, жүздеген тонна ластанған су мұхитқа құйылып жатыр» деген ақпарат  бар.

Бұл сұмдық, әрине! Үйдегі бар дүние-мүлкім суда қалқып жүр. Көршімнің жағдайы тіптен мәз емес. Көлігін су алып кетті.   

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА