Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-та лаңкестік әрекет ұйымдастырмақ болған адам ұсталды

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2015
  • 6875

Америка Құрама Штаттарында орын алған ең сұмдық лаңкестік әрекетке 14 жыл. Осының қарсаңында тағы бір теракт дайындалған көрінеді. Оны 20 жастағы Флорида тұрғыны Джошуа Голдберг әзірледі, деген мәлімет бар.

Канзас-Сити қаласының тұрғындары 2001 жылдың 11 қыркүйегінде болған лаңкестік әрекетті 1 минут үнсіздікпен еске алмақ. Голбдерг осы сәтті пайдаланбақ болған, - деп хабарлайды АҚШ әділет министрлігі. Ол ғаламтордағы хаттары арқылы ұсталған. Хаттарында жарылғыш затты қалай қолдан жасауға болатынын тізбектеп жазған.  Егер оның кінәсі дәлелденсе, 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кету керек, 11 қыркүйектегі лаңкестік құрбандарын еске алу жиыны АҚШ-тың барлық ірі қалаларында ұйымдастырылады. Негізгі шаралар Нью-Йорк пен Вашингтонда өтеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА