Бүгін теңге бағамы рекордтық көрсеткішке түсті. KASE қор биржасының күндізгі сессиясында бір доллар 268 теңгеге дейін жетті. Ал кешке 4 теңгеге арзандап, 264 теңгені құрады. Осылайша көк қағаз бір күн ішінде 8,82 теңгеге қымбаттап отыр.
Қазір Алматыдағы валюта айырбастау пункттерінде доллар 261-265 теңге маңайында сатылуда. Ал, Елордада бір доллар шамамен 262-266 теңге айналасында.
Еске салайық, Үкімет ұлттық валютаны 20 тамыздан бастап еркін айналымға жіберген болатын.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА