Русский Сайттың толық нұсқасы

Прокуратура Астана мектептерінде сабақты сағат 7.40-тан бастау ұсынысын заңсыз деп тапты

  • AstanaTV
  • 11 қыркүйек 2015
  • 1413

Астана қалалық прокуратурасы сабақ кестесін таңертеңгі сағат 7:40-тан бастау жөніндегі ұсынысты заңсыз деп тапты. Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сай, білім беру ұйымдарында сабақ сағат сегізден ерте басталмауы тиіс. Прокуратура арнайы тексеріс жүргізіп, қалалық білім басқармасының мұндай пәрмен бермегенін анықтады. 

Айта өтейік, ақпарат құралдарында елордадағы 17 білім ошағының 14-ші қыркүйектен бастап сабақ берудің жаңа уақытына ауысуы мүмкін екені жайлы ақпарат тараған. Ал білім басқармасының мамандары "бұл көлік кептелісі проблемасын шешудің бір жолы болуы ықтимал" дей келе, мәселені сарапшылардың қарастырып жатқанын жеткізген. 

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА