Русский Сайттың толық нұсқасы

Елдегі қан құю қызметінде біраз өзгерістер бар

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2015
  • 1363

Елдегі медицина саласында, нақтырақ айтсақ, қан құю қызметінде біраз өзгерістер бар. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық қан құю орталығының мамандары ақпарат құралдарына мәлімдеді. Кез-келген адам алдағы өмірі үшін қауіптенетін болса, өз қанын 10, тіпті 20 жылға дейін жинай алады. Енді орталықтандырылған жүйе арқылы қанға мұқтаж адам өзіне қажет қанды еліміздің кез-келген аймағынан таба алады.

Осы жоба аясында Аутоқан құтысы қолданылмақ. Бұл өзгерістер науқастардың қауіпсіздігі мақсатында қолға алыныпты.  Дәрігерлер, «аталған жоба полиция немесе өрт сөндірушілер секілді қауіпті мамандық иелері үшін қолайлы», екенін айтады. Мұндай мүмкіндік қарапайым азаматтарға да қарастырылған. Мәселен, Оралдағы қан құю орталығына қазірдің өзінде 5 жылға дейін алдын-ала қан жинап қоюға болады. Айта кетелік, өңірде тұрақты донор ретінде 319 адам тіркеліпті.

Лида Кенжәлиева, БҚО қан құю орталығы директорының орынбасары:

Банктағы жатқан өзінің қанын өзінің қалауы бойынша ол өзіне құюға мүмкіншілік алады. Қыз балалар, 18 жастан асқан, тұрмыс құруға ниеттенген, бала босануға ниеттенген, өздері біле тұра, денсаулықтарында ақаулықтары болса, ол кісілер де алдын-ала осы қан банкісіне өзінің қанын сала алады.

Еркін КАРИН