Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстанға ресми сапармен барды. Сапар аясында Президенттің Тәжікстан лидері Эмомали Рахмонмен кездесуі жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан басшысы Душанбеде өтетін ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясына қатысады.
Тәжік Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тараптар өзара ынтымақтастықты көздейтін алты құжатқа қол қоймақ. Ең маңыздысы - Стратегиялық әріптестік жөніндегі келісім. Қалған 5 құжат білім беру, спорт, ақпаратты техникалық қорғау мәселелеріне қатысты. Егер құжаттар мақұлданса, тәжік студенттері Қазақстан жоғарғы оқу орындарына дайындық курстарынан өтпей -ақ қабылданады.
Айта өтейік, 2014 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналым 85 миллион долларды құрады.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА