Русский Сайттың толық нұсқасы

Еуропа елдері АҚШ-тағы алтындарын қайтаруда

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2015
  • 1563

Еуропа орталық банктері Нью-Йорктегі федералды резервтік банктерден алтындарын қайтаруда. Соңғы бір жыл ішінде АҚШ-тан 224 тонна қымбат металдар шығарылды.

Алтын қорларын алып қайтқан елдердің алғашқысы - Германия. Дегенмен ресми Берлин тек 5 тонна металын қайтарып алған. Енді Франция да Германиядан үлгі алуда.

Людвиг фон Мизес институтының президенті, қаржыгер Лью Роквеллдің айтуынша, федералды резервтік банктерден алытынды қайтару жаһандық экономикаға оң ықпалын тигізеді. Өзге сарапшылар болса, керісінше, мұндай қадам федералды банкке сенімсіздік тудыруда деген ұстанымда. Бұл Америка экономикасына кері әсерін тигізеді, дейді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА