Русский Сайттың толық нұсқасы

KASE таңертеңгі сессиясында теңгенің долларға шаққандағы бағамы 278 теңге 54 тиынға жетті

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2015
  • 1205

Бүгін ұлттық валюта еркін айналымға көшкелі бері рекордтық көрсеткішке дейін құлдырады. KASE қор биржасының таңғы сессиясында бір доллардың құны  273 теңге 55 тиынды құрады. Осылайша көк қағаз өткен аптаның жұма күнімен салыстырғанда 22 теңгеге өсті. Ал кешкі сессияда 1 доллар 279 теңгеге дейін жетті. Яғни бір күннің ішінде 5 теңгеге құлдырады.

Доллардың тұрақсыздануы салдарынан ірі қалаларда сабырсыздық байқалды. Елордалық валюта айырбастау пункттерінде бір доллар 280-283 теңге аралығында саудалануда. Бір қызығы - түс қайта Астанадағы кейбір ақша айырбастау пунктері жұмыстарын тоқтатты.   

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА