Меккеде
болған қайғылы оқиғаға байланысты бас мүфти Сауда Арабиясы Корольдігіне көңіл
айту жеделхатын жолдады. Ержан қажы Малғажыұлы қаза тапқандар мен жапа
шеккендер арасында қазақстандықтар жоқ екенін мәлімдеді.
Еске салайық, Әл-Харам мешітінде құрылыс краны құлап, оқиғадан 107 адам қаза тапты. Тағы 240-қа тарта адам зардап шеккен болатын. Абырой
болғанда, әлемдегі ең үлкен мешітке бағыт алған отандастарымыз сенбі күні таңға жуық ұшып барған.
Ержан
Қажы Малғажыұлы, ҚМДБ төрағасы, бас мүфти:
Діни
басқарма тарихында болмаған бұрын, енді өз қажыларымыз үйінен екі рәкат намазын
оқып, ихрамын киіп, бірден ұшаққа отырғаны бірінші рет болып жатыр. Кешкісін бір
апат болды. Бұл Алланың бір сынағы шығар. Жандары жәннатта болсын.
Сондай-ақ
бұл жағдайға байланысты қажылықтан бас тартқан қазақстандықтар болмапты. Биыл
парызын өтеуге 4 мың адам ниет білдірген. Бүгін тағы бір топ отандасымыз
Алматыдан Меккеге жол тартты.
Фарахат
Қажыметова:
Мен, Алла бұйырса, осы жолы 18-ші рет кетіп барамын. Мыңда бір шүкір. Бірлігі
жарасқан елде тұрғаныма, қазақ болып туғаныма қуанамын. Барлығыңа, қазақ еліне
тыныштық тілеуге бара жатырмын.