Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда балаларын терезеден лақтырып жіберді деген күдікке ілінген әйел қамауға алынбақ

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2015
  • 2285

Алматыда балаларын терезеден лақтырып жіберген Жадыра Құлмамырова қамауға алынбақ. Бұл ақпаратты қалалық соттың баспасөз хатшысы Қуандық Ешімет таратты. Оның айтуынша, Алматы қаласы Бостандық ауданының № 2 аудандық соты Жадыра Құлмамырованы 2 айға қамауға алу туралы шешім шығарды. 33 жастағы келіншекке қатысты Қылмыстық кодекстің 2 бабы бойынша іс қозғалған. Дегенмен, шешім әлі күшіне енген жоқ. Жақында ғана жасанды демалу аппаратынан шығарылған күдікті әйел мен оның қызы қазір ауруханада.

Қуандық Ешімет, Алматы қалалық соттың баспасөз хатшысы:

Бостандық ауданы 2-ші аудандық сотымен Құлмамырова Жадыраға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігімен, 99-бабы 2-бөлігімен санкция беріліп, екі айға қамауға алынды.

Еске сала кетейік, қайғылы оқиға 5 қыркүйекте Сәтбаев және Бауман көшелерінің қиылысындағы баспаналардың бірінде болған еді. 1982 жылы туылған әйел өзінің 2007 жылы және 2014 жылы туылған екі кәмелет жасына толмаған қыздарын 5-ші қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен лақтырған, артынша өзі де секірген. Салдарынан 8 жастағы Айша Көкенай оқиға орнында көз жұмды, ал 1,5 жастағы бүлдіршін мен күдікті келіншектің өзі көптеген дене жарақаттарымен Алматы қалалық орталық ауруханаға жеткізілген еді.

Самат ҚАНАҒАТОВ