Русский Сайттың толық нұсқасы

Жыл басынан бері теміржол бойында 14 көлік апаты тіркелген

  • AstanaTV
  • 14 қыркүйек 2015
  • 1553

Елде жыл басынан бері теміржол бойларында 14 көлік апаты тіркелді. Салдарынан екі адам дене жарақатын алған. Локомотив пен жеңіл көліктердің соқтығысуы жиілеп кетті деп, теміржолшылар дабыл қағуда. Бұған көп жағдайда жол ережесін сақтамайтын көлік жүргізушілері кінәлі, дейді.

Жол бойындағы қауіп-қатердің бетін қайтаруға теміржолшылар өздері кірісті. Қала шетіндегі көлік нөпірі қалың теміржол бөлігі маңына машинист пен оның көмекшілері шығып, көлік жүргізушілеріне ескерту парақшаларын таратып жүр. Кейде жылдамдыққа басып, асығыстыққа салатын алаңғасар жүргізушілер апатқа ұшырайтындарын естен шығарып алады, дейді.

Сырым Беков, машинист:

Біз адам өмірі мен құнды жүктерге жауапкершілікпен қараймыз. Поезд тежеуіші жолы шамамен 800 мың метрді құрайды, жылжымалы құрамды бір сәтте тоқтату мүмкін емес.

Алда-жалда теміржол бөлігінде қауіп туса, оның бетін қайтару мүмкін емес. Поезд салмағымен, жылдамдық қанша баяу болғынмен, тоқтай алмайды. Осылайша қас қағым сәтте бөгет болғандар қайғылы жағдайға соқтырады. Көбінде вагондар аударылып, теміржол бүлінеді. Бәрінен локомотивті басқаратын машинистер мен оның көмекшілері ауыр психолгиялық соққы алады екен. Сондықтан деполарда психолгтар да жұмыс істейді.

Аниша Бимұқанова, Астана қ. локомотив депосының психологы:

Стресстен кейін өздеріне келу үшін, әрі қарай жұмыс істеу үшін уақыт керек. Депо басшылығы оларды санаторийлерге жібереді, өздеріне келу үшін, содан кейін ғана олар жұмысқа жіберіледі. 

«Жүргізуші пойызға жол бер» атты акция барлық өңірлерде өтеді деп жоспарланған.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ