«Ғасыр үні». Бүгін осындай атаумен Астанадағы Ұлттық мұражайда заманауи суретші Құттыбек Жақыповтың ретроспективті көрмесі ашылды. Оған гобелен мен текеметтен жасалған 70-ке жуық туынды қойылған. Көрме «Нұр Отан» партиясының қолдауымен Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне арнайы ұйымдастырылған.
Құттыбек Жақыпов еңбектерінің негізгі тақырыбы - қазақ даласы. Соның ішінде сақ, ғұн, үйсін дәуірлеріндегі фольклорлық-мифологиялық сарын басым. Композициясы жағынан ою-өрнек көп қолданылған. Мұнда автордың соңғы 30 жылдағы туындысы шығарылған. Суретшінің гобелендері Мәскеу мен Ашхабад мұражайында да тұр. Астанадан кейін көрме Алматы мен Шымкентте де өтеді. Сондай-ақ, көрменің кітап-альбомы да шығып отыр.
Құттыбек Жақыпов, суретші:
Осы көрмені ұйымдастырған, кітап-альбомымды шығаруға ат салысып, көрмені Астанаға әкеп, ілуге көмек берген біздің «Нұр Отан» партиясы. Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы ұжымы көп көмек берді.
Құралай ПИОНЕР