Босқындар квотасына қатысты Еуроодақ сарапшыларының кездесуі ешқандай нәтиже бермеді. «Рейтерс» агенттігі таратқан ақрапатқа сәйкес, бұған қатысушылар арасында туындаған келіспеушіліктер себеп болған.
Нақтырақ айтсақ, ЕО елдеріне қоныс аударғысы келген 160 мың келімсекті орналастыру мәселесі даудың өзегіне айналған. Еуропарламенттің экс-төрағасы Жан Клод Юнкердің сөзінше, «Қазір Еурооақтың жағдайы мәз емес. Әсіресе ахуалды мигранттық дағдарыс ушықтырып отыр». Әйткенмен, Еуропаға ағылған босқындардың саны толастар емес. Ал келіп жеткендер тұрақтайтын жер іздеп әлек.
Мәселен, Германиядағы Мюнхен вокзалы қоныс аударушыларға лық толған. Тіпті оларды жергілікті полиция эвакуациялаған. Оған белгісіз біреудің «жарылғыш зат қойылды» деген хабарламасы себеп болған. Бүгінде Германия, Австрия мен Чехия келімсектер ағымының артуына орай, кедендік бақылауды күшейту туралы шешім қабылдады.
Ласло Балаз, полковник, кедендік полицияның басшысы:
Қаңтар айынан бері шекараны заңсыз асқан 191 702 оқиға тіркелді. Кеше полицейлер 5 807 адамды құрықтады. Бүгін таңертеңгі сегізден 3 280 босқын тіркеуге алынды.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ