Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай жеке инвестицияларды тарту мақсатында мемлекеттік компанияларды реформалайды

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2015
  • 1260

«Мемлекеттік секторға жеке инвестицияларды тартуды көздеген Қытай билігі бірқатар ірі компанияларды реформалауға кіріспек», - деп хабарлайды «Рейтерс». Бұл - ауқымды бастама, мемлекеттік және жеке капиталдың қатысуымен ондаған мың кәсіпорынды қамтиды деп жоспарланып отыр.

Қытай үкіметі жеке капиталды түрлі салаға жұмсамақшы. Бұл ретте энергетика, көлік және телекоммуникация салаларына назар аударылуда. Ал реформа мемлекеттік компанияларды екі топқа бөлу арқылы жүргізіледі, деп күтілуде.

Сонымен қатар активтерді басқару мен бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссия қызметіне де өзгерістер енгізіледі. Аталған комиссия Қытайдағы ең ірі саналатын 100 компанияның қызметін басқару мақсатында 2003 жылы құрылған болатын.

Еркін КАРИН