Шымкент зообағында сусиыр төлдеді. Бұл хайуанаттар бағы қызметкерлері ғана емес, қала жұртшылығы үшін де ерекше жаңалық болды.
Ламбада атты 23 жастағы аналық бегемот қазір кішкентайын ертіп, күншуаққа шыға бастапты. Зообақтағыларғылар кішкентай бегемотқа әзірше ныспы қоймаған, "төлдің жынысы белгісіз", дейді. Сәтін салса, алдағы бірер аптада оған лайықты ат қоямыз деп отыр. Зообақ қызметкерлерінің айтуынша, бегемоттардың төлдеуі сирек кездеседі.
Еске салайық, Ламбада осыдан 23 жыл бұрын Мәскеуден әкелінген болатын. Ал оның жұбы - Тұрсын аталатын бегемот 2004 жылы Шымкент зообағында дүниеге келген еді.
Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ