Русский Сайттың толық нұсқасы

ҚазТАГ: Доллар бағамының ең жоғары көрсеткіші Атырау қаласында тіркелді

  • AstanaTV
  • 15 қыркүйек 2015
  • 1525

Доллар бағамының ең жоғары көрсеткіші Атырау қаласында тіркелді. Ал кейбір аймақтарда шетелдік валюта тіптен сатылымда жоқ. Бұл туралы «ҚазТАГ» агенттігі хабарлайды.

Ақпар бойынша, Атыраудағы бір доллар бағамы максималды 283 теңгеге сатылған. Ал кейбір жекеменшік айырбастау пунктілері доллар құнын тіпті 284 теңгеге дейін көтерген. Астанада шетелдік валютаны айырбастау түгіл, табудың өзі қиыншылық тудыруда. «ҚазТАГ»-тің мәліметінше, қазірде орталық Республика көшесі бойында орналасқан айырбас пунктілерінің көбі жабық тұр. Аймақтарда бүгін тіркелген доллар бағамына көз жүгіртсек.

Бір доллар құны: Астанада сатып алу - 273 теңге, ал сату - 279 теңге. Алматы, Қызылорда, Қостанай қалаларында да дәл осындай жағдай. Айта кетерлігі бұндағы валюта айырбастау пунктілері тек 10 мың долларға дейінгі соманы бере алады. Ал Орал, Көкшетау және Өскемен қалаларында доллар мүлдем жоқ. Айырбас пунктілері жабық тұр. Шымкентте шетелдік валюта 282 теңге бағаммен сатылуда. Барлық айырбас пунктілері жұмыс істеп тұр.

Еске салсақ, кеше KASE қазақстандық қор биржасында доллар құны 278 теңге деңгейінде белгіленген болатын.

Жұрағат БАМАН