Жастар хоккей Лигасында өнер көрсететін Астананың «Снежные Барсы» командасы кезекті кездесуін өткізді. Қазанның «Ірбіс» ұжымымен күш сынасқан Ғалым Мәмбеталиев шәкірттері тартысты өткен ойында 1-0 есебімен жеңіске жетті.
Кездесудегі жалғыз шайбаны ойыншы басымдылығын ұтымды пайдаланған Кирилл Панюков соқты. Матч барысында қақпасына бағытталған 29 соққыға тойтарыс берген қонақтар қақпашысы Артем Леонтьев кездесу қаhарманы атанды. 4 ойыннан кейін «Қар Барысы» 9 ұпаймен Шығыс конференциясының 2 орнында келеді. Келесі кездесуін астаналық жастар 19 қыркүйек күні өз айдынында Новгородтың «Чайкасымен» өткізеді.