Венгрия билігі Сербиямен шекаралас тұрған екі округте төтенше жағдай жариялады. Бұл жайында "Рейтерс" агенттігі, Венгрия үкіметінің өкілі Золтан Ковачқа сілтеме жасап, жазады. Үкімет мүшесінің сөзіне сенсек, бұдан былай шекарада әскери бөлімшелер орналасады. Бұл әрекет - босқындар ағымын шектеуге мүмкіндік береді.
Сейсенбінің түнінде Венгрия Сербиямен шекараны толықтай жапты. Тіпті әуеден де шектеу де қойылды. Сондай-ақ, Хоргош және Реске қалалары арасындағы тас жолда жабылды. Бұл бағытта өазір бақылау күшейген. Венгрлік полиция келімсектерді «Хоргош-2» кедендік бекетіне бағыттауда. Ол жерде қоныстанушылардың құжаттары тексеріліп, саусақтарының таңбасы алынады.
Ал Еуроодақ 40 мың келімсекті қабылдауға келісті. Әр ел бір адам үшін 6 мың еуро алатын болады. Алайда, кезекте бұдан басқа 120 мың азамат тұр.
Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ