Русский Сайттың толық нұсқасы

Отандық кәсіпкерлер Салық кодексінің кейбір баптарымен келіспей отыр

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2015
  • 1471

Жаңа Салық кодексіндегі салықтық әкімшілендіруді жетілдіру тармағы қазынаны 64 миллиард теңгемен толықтырады. Биліктің пайымы осы. Десе де, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері бұл заңнамаға қарсы шықты.

Бизнес өкілдерінің айтуынша, салықтың артуы, сондай-ақ әкімшілік талаптардың қатаңдатылуы, отандық тауар өнімдеріне сұранысты кемітеді. Тіпті кейбір бизнес өкілдерінің жабылуына әкеліп соқтырады. Ал бұл өз кезегінде экономикамызға кері әсерін тигізбей қоймайды, - деді палата мүшелері. Абылай Мырзахметовтың айтуынша, бизнес өкілдері өз табыстарын жасыруды көздемейді, есесіне мемлекеттік құрылымдар да мейілінше ашық болғанын қалайды.

Абылай Мырзахметов, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы:

Мемлекеттік құрылымдарда оптимизация өтті. Жалақыны қысқартуға болмайтйынын түсінеміз. Бұл жерде әлеуметтік қоғамның  көңіл-күйі бар дегендей. Кезек бизнеске келіп жетеді.

Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА