Атыраудағы
жабайы үйректен анықталған вирус құс тұмауы емес. Қанаттыға талдау жасаған
Италиядағы Зоопрофилактика институтының референттік зертханасы осындай нәтиже
жария етті.
Мұрат
Ермекқалиев,
Атырау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының басшысы:
Италияда біздің күдігіміз
расталған жоқ. Яғни жабайы құстан құс тұмауының белгісі анықталмаған. Осыған орай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясы шешім қабылдады.
16 қыркүйектен бастап Атырау облысы аумағында аң аулауға рұхсат берілді.
Естеріңізге
салайық, Атырауда 5 қыркүйекте
басталуы тиіс аң аулау маусымы кейінге шегерілген болатын. Оған себеп -
облыста құстардың жаппай қырылуы. Жергілікті мамандар, «бұл
- құс тұмауынан болуы мүмкін», деп күдіктенген еді. Биылғы жылдың шілде айында
аймақтағы «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өлген баклан
құсынан жергілікті мамандар «жоғары патогенді
H5N1 вирусы бар»
деген шешім шығарған еді. Ал тамыз айында облыс ортылағынан 20 шақырым
қашықтықтан жабайы үйректің өлексесі табылып, одан «А»типіндегі құс тұмауы оң
нәтиже көрсеткен. Бірақ бұл қорытындыларды италиялық зертхана жоққа шығарыпты.
Базаргүл НӘДІРҚЫЗЫ