Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық банк Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валютаның қолданысқа шыққаны туралы ақпарды жоққа шығарды

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2015
  • 1169

Ұлттық банк Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валютаның қолданысқа шыққаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарды жоққа шығарды. Банк өкілдерінің айтуларынша, мұндай қауесет доллар бағамы 300 теңгеге көтерілгеннен кейін тараған.

Ал жалған ақпарды белгісіз біреулер «Whatsapp» желісі арқылы жіберген. Көріп тұрғандарыңыздай, суретте ойдан шығарылған валюта үлгілері бейнеленген. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратушылар, хабарламада жұртты долларды теңгеге айырбастауға үгіттеген.

Ал Ұлттық банктегілер бірыңғай валюта шығару үшін, көптеген халықаралық келісімдер жасасу қажет, қазір ондай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ екенін айтып, әлеуметтік желілердегі ақпарат шындыққа жанаспайды деп, қысқа қайырды.

Жұрағат БАМАН