Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда келер жылы оқулықтар бағасы қымбаттауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 16 қыркүйек 2015
  • 1188

Қазақстанда келер жылы оқулықтар бағасы қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Білім және ғылым министрлігінің комитет төрағасы Саят Нүсіпов мәлімдеді. Айтуынша, тапсырыспен жасалатын кітаптардың көбі шетелдік баспаханаларда шығарылады. Әрі олар доллар немесе еуромен сатылады. Ал теңге осы қарқынмен құлдырайтын болса, келер оқу жылы қарсаңында оқулықтардың бағасы қайта есептелуі мүмкін. Бірақ министрлік кітаптарды өз баспаханаларымызда басып шығарудың жолын қарастырып жатқан көрінеді.

Саят Нүсіпов, Білім және ғылым министрлігінің комитет төрағасы:

Келешекте мүмкін қымбаттауы. Өйткені жаңа теңгенің курстарына байланысты мүмкін, біздің баспаларымыз шетелден, валюта арқылы, доллар арқылы, еуро арқылы сатып алуы мүмкін. Сол жағынан көреміз.

Ал кітап жетіспеушілігіне қатысты дау туындамас үшін, келер жылға арналған оқулықтарды мамыр айының аяғында, яғни оқу жылы бітісімен, таратылмақ. Мұны Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры Жаңыл Жонтаева айтты. Сондай-ақ ол биыл жыл соңына дейін ғаламторда оқулықтардың электрондық нұсқалары орналастырылған сайт ашылатынын мәлімдеді. Мамандар бұл ата-аналарға кітаптардың мазмұндық сапасын тексеріп, оқу бағдарламасына қатысты ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік тудырады деп отыр. 

Жұрағат БАМАН