Kcell компаниясы сатылады

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2015

Kcell компаниясы сатылады. Қазақстанда мыңдаған абоненті бар байланыс операторының акционері  скандинавиялық телекоммуникация холдингі TeliaSonera біздің нарықтан шығатынын хабарлады. Басшылықтың мұндай мәлімдемесі компанияның ресми сайтына шықты. Бұл ақпарды телефон арқылы холдингтің Швециядағы баспасөз қызметі де растады.

Хенрик Вестман, «TeliaSonera» компаниясының БАҚ-пен байланыс бөлімі жетекшісі:

«Алдын ала болжағымыз келмейдІ. Еуразия аумағында компанияның жұмысын қысқартудың түрлі жолдарын қарастырып жатырмыз. Кселл компаниясын сату - соның бір жолы. Бірақ детальдарын ашып айта алмаймыз. Біздің Еурзиядағы активтерімізге қызығатын көптеген компаниялар бар деп ойлаймыз. Дәл қазіргі уақытта анық еш нәрсе айта алмаймын»


Kcell компаниясын сатудағы себептердің бірі - TeliaSonera бар ресурсын Еуропадағы бөлімдерін дамытуға бағыттамақ. Сондай ақ, холдинг Өзбекстан, Тәжікстан, Грузия, Молдова және Әзірбайжан нарығынан да шығуды жоспарлап отырған көрінеді. Айта кетейік, Kcell  компаниясының басқару пакет акциясы TeliaSonera-ға тиесілі.

Оператор Қазақстанда 1998 жылдан бері Kcell сауда маркасымен жұмыс істейді. Сол жылы қыркүйек айында «Актив» бренді нарыққа шықты. Жалпы Қазақстанда 30 млн абоненет ұялы байланыс жүйесіне қосылған. Оның 10 миллионы Kcell-ді қолданады. Еліміздегі ұялы байланыс нарығының 1/3 бөлігін "билеп" отырған операторды кім иеленетіні әзірге белгісіз. Акционердің ауысуы - Kcell-дің жұмысына кедергі емес, компания өз қызметін бұрынғыдай жалғастырады.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ