Русский Сайттың толық нұсқасы

Мал ұстау әрі оны бағу ережелерін бұзғандар әкімшілік жазаға тартылады

  • AstanaTV
  • 17 қыркүйек 2015
  • 4719

Астанада малына ие болмағандар айыппұл төледі. Бүгін елордалық әкімшілік полициясының табиғат қорғау бөлімшесі қызметерлері мен «Астана Ветсервис» мамандары бас қосып, қалаға жақын орналасқан ауылдарға рейд жүргізді. Бірінші күні-ақ, үй жануарларын ұстау тәртіптерін бұзу фактілері анықталып, ол бойынша 100 мың теңге әкімшілік айыппұл рәсімделді.

Әкімшілік жауапқа тартылған тұрғындардың арасында маңайындағы малдың тезегін тазартпағандар да бар. Оларға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды. Мамандардың бұл рейді үй жануарлары ауруларының алдын алып, олардың көшеде және қоғамдық орындарда жайылуына тиым салуға бағытталған.