Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда тазалық сақтай алмаған бас дәрігер жұмыстан қуылды

  • AstanaTV
  • 18 қыркүйек 2015
  • 2174

Алматыда әлеуметтік желілерде тарап кеткен жағымсыз суреттерге байланысты, қалалық инфекциялық балалар ауруханасының бас дәрігері Ержан Әліби қызметінен қуылды. Бұл туралы жергілікті телеарна хабарлайды.

Әлеуметтік желілердің біріне осы ауруханада емделген баланың анасы тозып кеткен аурухананың суреттерін салған. Іле-шала қала билігі медициналық мекемені тексеруге барған көрінеді. Әкім келетінін естіген аурухана басшылығы тозығы жеткен жерлерді сылап-сырлап үлгеріпті. Алайда бұған қарамастан, ғимараттағы тазалықты сақтай алмаған бас дәрігер қызметімен қош айтысты. Оған қоса, бірнеше медбике де жұмыстан босатылыпты.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ