Чилидегі
зілзаладан қаза тапқандар саны 10-ға жуықтады. Елдің сыртқы істер
министрлігінің дерегінше, із-түссіз жоғалған екі адамның да мәйіті табылған.
Еске салайық, бұл елде қуаты күшті жер тербелісі болып, қаза тапқандар
тіркелген. Тағы 20-ға жуық адам жараланған. Қуатты жер сілкінісінен кейін,
елдің орталық аймағында 35 жер асты сілкінісі байқалды. Ғалымдар цунамидың
қаупі жөнінде хабарлап отыр. Биіктігі 3 метрлік толқындар Француз Полинезиясына
дейін жетуі мүмкін. Чилидегі апаттың салдарынан жапа шеккендердің саны сағат
санап артып келеді. Елдің ішкі істер министрлігі мәлімдегендей, ғимараттардың
құлауы мен жүректің қысылуы адамдар өлімінің негізгі себебі болып отыр.
Зілзала
әсіресе Ильяпель қаласына тиді. Ондағы жағажайларда орналасқан ауылдардан 1
миллионға жуық адам уақытша басқа аймақтарға көшірілді. Шаһар маңында теңіз
толқындарының биіктігі 4 метрге дейін жеткен. Ел билігі елді мекендерді цунами
басуы мүмкін, деген ақпарат таратуда. Ал Чили президенті Мишель Бачелет табиғи
апаттан зардап шеккен аудандарды аралауда.
Мен бар мүлкімнен айырылдым.
Бір дүкенім болған, жағажайда үйім болды. Енді түк те жоқ, бәрі астында қалды.
Абзал ҚҰРМАНКИН