Жыл
соңына дейін электр энергиясы мен жылудың бағасы қымбаттамайды. Ал 2016 жылы
электр қуатының көтерме бағасы биылғы жылдың деңгейінде қалады. Бұл
туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Энергетика министрлігі Атом және
энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы Сұңғат Есімханов мәлімдеді. Және
электр энергиясын бірыңғай сатып алушыны енгізу тарифтің көтерілуіне себеп
болмайды, деп сендірді Есімханов. Министрлік өкілі, сонымен қатар, жылу беретін
негізгі отынның да бағасы өспейтінін айтты.
Сұңғат
Есімханов,
ҚР Энергетика министрлігі Атом және
энергетикалық қадағалау комитетінің төрағасы:
Инфляциялық
таргеттеу, девальвация деп жатырмыз. Ол қазіргі кезе отынмен, көмірмен
қамтамасыз ету мәселесіне аса әсер еткен жоқ. Өйткені келісімшарттар оның
алдында келісілген. Сондықтан көмІрмен, тиісті мазутпен - бәрімен қамтамасыз ету
жұмыстары басталып кеткен. Екіншіден, оның бағалары жылдың аяғына дейін өспейді, деген болжам бар, өйткені олар - ірі кәсіпорындар.
Айгүл ӘДЕПБАЙ