Еуроодақ пен АҚШ Ресейге қарсы санкцияларды 2016 жылға дейін ұзартпақ. Бұл туралы Bloomberg хабарлады. Еуроодақ елдері мен АҚШ-тың болжамынша, жыл аяғына дейін Украинаға қатысты бейбіт келісім жасау мүмкіндігі нашарлайды.
«Минск-2» келісімін ұзарту жайын «норман төрттігі» қазанның екісінде Парижде талқылайды, деп күтілуде. «Уақытша бітімнің сақталуы санкциялардың созылатынын білдіреді», - деді Франция, АҚШ және Германияның бірқатар лауазымды шенеуніктері. Вашингтон Еуроодақтағы әріптестерімен әлі тығыз қарым-қатынаста және, Ресей бейбіт келісімге қарсы міндеттемелерді орындамаған жағдайда, санкцияларды қолдауға дайын екенін хабарлады.
Бірқатар батыс елдері Қырымның қосылуынан кейін, Украинадағы оқиғаларға байланысты Ресейге қарсы санкциялар енгізгені белгілі.
Базаргүл ОТЫНШИЕВА