Депутаттар жаңа трамватология және ортепедия ғылыми зерттеу институтын салу мәселесін көтерді

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2016

Трамватология және ортепедия проблемаларын ғылыми зерттеуді қолға алатын жаңа институт керек. Бүгін депутаттар осындай мәселе көтерді. Гүлнар Иқсанова премьер-министрдің атына сауал жолдап, елімізде жұмысқа жарамсыздық және өлім көрсеткіші бойынша жарақаттардың екінші орында тұрғанын алға тартты.

Жыл сайын Қазақстанда 600 мыңнан астам адам түрлі жарақат алады. Оның 22 пайызы - балалар. Астанада травматология және ортопедия ғылыми зерттеу институты 2001 жылы екінші қалалық аурухана базасында салынған. Екінші аурухананың іргесі қаланғанына 43 жыл, оның базасы институттың толыққанды қызмет көрсетуіне жағдай жасай алмай отырған көрінеді.

Гүлнар Иқсанова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі:

Функционалды қызмет ететін ғимараттың аумағы санитарлық және құрылыс талаптары бойынша қазіргі стандарттарға сай емес. Сондықтан травматология және ортопедия ғылыми зерттеумен айналысатын жаңа институт салу мәселесі өзекті тұр. Жаңа институттың құрылысы осы саланың халықаралық талаптары Қазақстанға енгізуге мүмкіндік береді. Ал жаңа зерттеу инновациялық технологиялары азаматтардың денсаулығын жақсартуға септігін тигізеді.

Ал депутат Майра Айсина онкологиялық диспансерлерді жаңартып, аймақтардағы емдеу мекемелеріне назар аудару керек деді. Өз сауалында халық қалаулысы 2015 жылы қатерлі ісікке шалдыққандар саны тоғыз жарым пайызға артқанын мысал қылды. Депутаттың айтуынша, обырдың көптеп таралуына алғашқы медициналық санитарлық көмек орталықтарының жұпыны материалдық-техникалық базасы мен аймақтарда скрининг жүргізетін қондырғылардың жоқтығы себеп. 

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Нұр Отан" партиясы фракциясының мүшесі:

Аймақтардағы онкологиялық диспансерлердің жағдайы ерекше алаңдатады. 18 диспансердің әрбір үшіншісі 60-шы жалдары салынған. Және жаңартуды қажет етеді. 14 диспансер типтік емес ғимараттарда салынған, сондықтан тиісті талаптарға жауап бермейді. 2004-2015 жылдар аралығында бірнеше онкодиспансердің құрылысы қаңтарылып қалды. Сондықтан туындаған мәселелерді жүйелі түрде шешетін кез келді.