Елбасы Руанда президентімен екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабар таратты. Руанда Республикасының президенті Поль Кагаме Қазақстанға жұмыс сапарымен келген. Кездесу барысында екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту жолдары мен халықаралық мәселелер сөз болды.
Қазақстан президенті екі елдің бір-бірінен алшақ жатқанына қарамастан, өзара ықпалдастықты жолға қою маңызды екенін айтты. «Біз, салыстырмалы түрде алсақ, Африка мемлекеттерімен енді ғана қарым-қатынас орнатып жатқан жас ел болып саналамыз», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасы Поль Кагаменің, өз елінде бейбітшілік орнату үшін, елеулі күш-жігер жұмсағанына да назар аударды. «Руанда президенті өз кезегінде Нұрсұлтан Назарбаевқа кездесу үшін алғыс айтып, екіжақты ынтымақтастықты дамытуға ниетті екенін» білдірді.
Т. ОСПАНБАЕВА