Русский Сайттың толық нұсқасы

Қордайда тағы да есірткі тасымалының жолы кесілді

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2015
  • 1950

Қордайда есірткі тасымалының жолы кесілді. Ұлттық қауіпсіздік қызметінің «Қордай авто» шекаралық бақылау бөлімі ірі көлемде есірткі тасымалдаушыларды ұстады. Бұл жөнінде ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады. Ұсталғандар Қырғызстан азаматтары болып шықты. Шекара наряды арнайы үйретілген қызметтік иттің көмегімен Қырғыз Республикасынан шығып, елімізге қарай бет алған ГАЗ-3110 автокөлігін тоқтатқан. Есірткінің иісін сезіп қойған иттің белгісінен кейін, шекарашылар көлікті жіті тексере бастайды. Сөйтіп екі дөңгелектің қанаттарының астына жасырылған, 45 брикетке салынған, спецификалық иісі бар, ақшыл сары түсті ұнтақ затты табады. Жалпы салмағы - 22 килограмға жуық. Ұнтақ героин болып шықты. Іс тәртіп сақшыларына жіберілді.

Қанатбек Солтанов, ҰҚК ШҚ БАҚ-пен жұмыс және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бастығы:

31 мамырдан бүгінге дейін «Көкнар-2015» іс-шараларының ауқымында 82 кг 966 грамм героин, 727 грамм марихуана, 6 кг 728 грамм гашиш, бір кг ақ түсті ұнтақ, есірткі болуы ықтимал, қазір тексеруден өтіп жатыр. 2419 кг 200 грамм жабайы кендір қурай мен 2 га жуық кендір қурай алқабы жойылды.

Айгүл ӘДЕПБАЙ