Русский Сайттың толық нұсқасы

Америкада «Nasdaq» биржасына қатысушы биотехнологиялық компаниялардың индексі 4,7 пайызға төмен құлдырады

  • AstanaTV
  • 22 қыркүйек 2015
  • 1420

Хиллари Клинтонның твиттердегі жазбасынан кейін «Nasdaq» биржасына қатысушы биотехнологиялық компаниялардың индексі 4,7 пайызға төмендеді.

Жазбада Клинтон ханым дәрі-дәрмек бағасымен күресетіні туралы мәлімдеген. Қазақпараттың хабарлауынша, жуырда «New York Times» басылымы, «Turing» компаниясы шығаратын антибиотик бағасын 13,5 доллардан 750-ге дейін көтергенін, жазды. Осыған байланысты Хиллари Клинтон наразылық білдіріп, дәрілер бағасын төмендетудің жаңа жоспарын ұсынатынын мәлімдеген.

Айта кетерлігі, АҚШ-та дәрі-дәрмек бағасы соңғы жылдары күрт өскен. Мәселен, өткен жылы бір қорабы 20 доллар болған доксициклин антибиотигі биыл мың жарым доллардан саудалануда. Өндіріс патентін жеке компаниялар иеленіп отырғандықтан, елде медициналық қызмет бағасы да жоғары. Оған жалпы ішкі өнімнің 17 пайызы жұмсалады. Халықаралық фармакологиялық компаниялар өз табыстарының 40 пайызын америка нарығынан алады. Бағаның жоғары болуын олар, жаңа дәрі-дәрмек өндірісін дамытудың қолға алынғанымен, түсіндіреді.

Жұрағат БАМАН