Ел
экономикасы бұдан әрі қарай нашарламайды. Қазақстан стратегиялық зерттеулер
институтының бас ғылыми қызметкері Вячеслав Додонов осындай пікірде. Сарапшының
сөзіне қарағанда, жаһанда қалыптасқан
ахуалға қарамастан, сыртқы экономикалық факторлардың айтарлықтай әсер ете қоюы
екіталай. Өйткені негізгі соққыны, яғни мұнай бағасының құлдырауын, сезініп
үлгердік, - дейді ол.
Вячеслав
Додонов, ҚЗСИ бас ғылыми қызметкері:
Болжанған
ең қауіпті жағдай болып қойды. Бренд
маркілі мұнайдың баррелі 40 доллардың маңайында. Қара алтын бағасының бұдан әрі
қарай құлдырамайтынына сенімдімін.
Сондай-ақ,
сарапшы долларсыздандыру саясатына әзірше дайын еместігімізді айтады. Өйткені
Қазақстан экономикасы экспортқа негізделген. Әрі мұнай бағасына тәуелділік
бар. Сондықтан доллардан бас тарту жайлы айтуға әлі ертерек, - дейді ол.
Вячеслав
Додонов, ҚЗСИ бас ғылыми қызметкері:
Бұл
саясатқа көшу Қазақстан үшін ерте деп ойлаймын. Әрине, әкімшілік деңгейде саясат
жүре береді. Мәселен, сауда-саттықта доллармен есеп айырысуға шектеу қойылуы
мүмкін. Біз тек долларға ғана тәуелді емеспіз. Өзіміз экспортқа шығарып отырған
тауар конъюктурасына да бағыныштымыз. Ол да доллармен жүзеге асырылып отырғанын
ескеруіміз керек.
Ләйлә ҚАЗИЯҚПАРОВА