Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық бірыңғай тестілеуде бір түлек 0 балл алды

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2016
  • 1919

Биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуде бір бала 0 балл алды. Бұл жайында бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Білім және ғылым министрлігі өкілдері мәлімдеді.  Ұлттық тестілеу орталығының директоры Қали Әбдиевтің айтуынша, бұл жалғыз оқиға және түлектің неге бұлай жасағаны белгісіз. Ал Сарыағаш қаласында оқушының орнына тест тапсыруға бөтен адам кірген. Қазір бұл жайт бойынша тексеріс басталған.

Қали Әбдиев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

Өз жұмысын аяқтамай, шығып кеткен. Неге олай істегенін біз білмейміз, бірақ осындай бір жағдай тіркелді. Ал, түлектің орнына тестілеуге кірген адам Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш қаласында. Қазір бұл іспен ішкі істер органдары айналысып жатыр. Оның кім екені, не себепті жасағанын анықтайды. 

Маусымның 3 мен 15 аралығында өткен тестілеу қорытындысы бойынша, республика көлеміндегі орташа балл 81,2-ні құрады. Былтырғы көрсеткіш 79,4 балл болатын.