Құрбан
айт намазынан соң, көпшілік Алла разылығы үшін құрбандық шалуға мал базарына
ағылды. Атыраудағы екі базарға сыймаған
малды сатушылар көліктеріне тиеген күйі сыртқа тізіп қойған.
Адамдардың көңіл-күйі бұл көні көтеріңкі. Бір бірін ұлық мерекемен құттықтап, арқа-жарқа болуда. Базардағы баға да қалыпты. Ұсақ
малдардың құны 12 мың теңгеден басталып, ірі қойлар тіпті 50 мыңға дейін саудалануда.
Құрбан шалып, оның етін мұқтаждарға таратып жатқандардың да қарасы көп.
Жұма апа - 16 жылдан бері мал саудасын
дөңгелетіп келе жатқан жандардың бірі. Құрбан айтта біраз табыс тауып қалатынын
жасырмайды. Апаның саудалап тұрған малының арасынан шағын тоқтылардан бастап,
ірі ісектерге дейін шертіп жүріп таңдап алуға болады.
Жұма Нұрпейісова:
Машина
көп қой, әркімнен алады. Өзіңнің
клиентің келіп алады, былай сата алмайсың.
Мың ғой сатам, 500 қой сатам, деп өтірік айта алмаймын, 100-дің үстінде
саттым былтыр. Биыл Алла бұйырғанын көремін.
Мал
базары бүгін шопан ата төліне лық толы. Халық көбіне құрбандыққа шалынатын
малды саудаласпай-ақ айтылған бағаға
алып жатыр.
Мал
жақсы. Бағасы қолжетімді. Былтыр да
осындай еді, биыл да да осындай. Машина
көп екен. Мал көп. Таңдауға толық мүмкіндік бар.
Коллективте 10-нан астам адам бар. Солар үшін алып жатырмыз. Бүгін бәріміз - орыс
болсақ та, қазақ болсақ та -неше түрлі ұлт болса да, бәрімізге ортақ осы мейрам.
Ал шымкенттік Бауыржан Айбабаев биыл төртінші жыл құрбандық шалып, оның етін
мұқтаж отбасыларға бөліп таратуды үрдіске айналдырған. 29 жастағы азамат бұған
дейін құрбандыққа ұсақ мал шалыпты. Биыл
алғаш рет ірі қара сойып отырғанын айтады. Бағасы көңілге қонымды. 117 мың
теңгеге алған зеңгі баба төлі 125 келі ет бергенін айтады.
Бауыржан
Айбабаев, Шымкент қаласының тұрғыны:
Бауыржан
үшке бөлінген сиыр етінің бір бөлігін ауылдағы мұқтаж отбасыларға таратып жүр.
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған үш ағайынды Разаковтар да құрбандық малынан дәм
тататын болды. Әзірге бұл үйдің бас иесі де, қамқоршысы да - 24 жастағы Шахназ
Разакова.
Тағы
бір бөлігін Шымкенттегі қариялар дайындайтын медресеге табыстамақ. Бәрін де бір
Алланың разылығы үшін жасаймын деген Бауыржан, адамдардың бір-біріне қамқорлығы
мұндай мерекелерде ғана емес, күнделікті тқрмыста да жиі жасалса, дегенді
айтады.
Базаргүл
НӘДІРҚЫЗЫ